Тарих • 01 Мамыр, 2024

«Келші, айым» әні қалай дүниеге келген?

2123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көгілдір көл беті, көк елес көлбеді, Мен тұрмын жағада жабырқау», деп басталатын әннің тереңінде белгісіз мұң жатқандай…

«Келші, айым» әні қалай дүниеге келген?

Фото: qarmaqshy-tany

Композитор Мэлс Өзбеков консерваторияда оқып жүрген кезінде Айымзада атты қызға ғашық болады. Қос жүрек бірін-бірі түсініп, махаббаттың шарабына мас болып жүргенінде, жазғы каникул да келіп қалады.

Екеуі қимай қоштасып, жаңа оқу жылында кездесуге уағдаласыпты. Демалыс аяқталысымен, Мэлс Алматыға қарай құстай ұшады. Іздегені – Айымзада. Оқу орнына барса, әлі келмеген екен. Не істерін білмей, сыртта тұрғанында мұны танитын курстас қыздардың бірі суық хабар жеткізеді. Айымзада каникул кезінде өзенге шомылып жүріп, суға кетіп қайтыс болған екен.

Мұны естіген Мэлстің жай-күйі айтпаса да түсінікті. Көл басына барып, мұңайып отырып, әуеннен тыншу сұрайды. Сезімге толы «Келші, айым» әні осылай дүниеге келген екен.