Құпиялылық саясаты

ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

 

Осы Құпиялық саясаты (әрі қарай – Саясат) Пайдаланушы келісіміне қосымша болып табылады және «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай – Әкімшілік) Әкімшілік сайтын (әрі қарай – Сайт) пайдаланған кезінде (толық нұсқасы, мобильді нұсқасы, қосымшасы) ала алатын Пайдаланушылар туралы жеке бастың ақпаратын өңдеу мен қорғаудың тәртібін айқындайды.

Сайтты пайдаланбас бұрын, оны қолданушылар осы Құпиялық саясатының шарттарымен танысқандары жөн.

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Сайтты кез келген пішінде пайдалану Қолданушының осы Құпиялық саясатының (әрі қарай – Саясат) шарттарымен және осында көрсетілген оның жеке басына қатысты ақпараттарды өңдеу шарттарымен сөзсіз келісетінін білдіреді. Құпиялық саясаты шарттарымен келіспеген жағдайда Қолданушы Сайтты пайдаланудан бас тартуға тиіс.  

1.2. Саясатта уағдаласылған шарттар (сондай-ақ оның кез келген бөлігінде) Әкімшілік тарапынан қандай да бір арнайы ескертусіз әрі осымен байланысты қандай да бір өтемақы төлеусіз өзгертілуі мүмкін. Саясаттың жаңа редакциясы ол Әкімшілік сайтына орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. 

1.3. Қолданушы осы Саясаттың шарттарын қабылдай отырып, осы Саясатта қарастырылған мақсаттарда Қолданушы туралы деректерді Әкімшілік тарапынан өңдеуге, сондай-ақ осы Саясатта көзделген жағдайда Қолданушы туралы  деректерді үшінші адамға беруге өзінің келісетінін білдіреді.

Аталған келісім Қолданушы тарапынан ол тек деректерді Әкімшіліктің пайдалануын тоқтату болжанған күннен кем дегенде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Әкімшілікті жазбаша ескерткен жағдайда ғана кері шақырып алынуы мүмкін.

Деректерді cookies арқылы қабылдайтын Сайтты веб-браузердің көмегімен пайдалану Қолданушының Әкімшілік cookies-тің деректерін осы Саясатта қарастырылған мақсатта жинай және өңдей алуға, сондай-ақ осы Саясатта қарастырылған жағдайда cookies-тегі деректерді үшінші адамға беруге келісетінін білдіреді.

Қолданушының cookies-тен деректер қабылдайтын веб-браузер опцияларын ағытып және/немесе бұғаттап тастау Әкімшіліктің осы Құпиялық саясаттың шарттарына сәйкес cookies-тегі деректерді жинау мен өңдеуге тыйым салатынын білдіреді.

 

2. Қолданушылардың Әкімшілік алатын және өңдейтін жеке ақпараттарының құрамы

2.1. Осы Саясат жеке ақпараттардың мына түрлеріне таратылады:

2.1.1. Хабарлама жіберу пішінін толтыру кезінде Қолданушы Әкімшілікке веб-сайттар немесе үшінші адамның сервистері арқылы қолжетімді етіп ұсынатын  Қолданушылар орналастыратын, оның ішінде өзі туралы да жеке ақпараттар, басқа да жеке бастың ақпараттары немесе Қолданушы Сайтты пайдалану үдерісінде орналастыратын жеке бастың ақпараты. Осындай жолмен алынған жеке бастың ақпаратына, атап айтқанда, Қолданушының аты-жөні, телефон нөмірі, электронды пошта адресі жатуы ықтимал.

Қолданушы, егер ол   үшінші тараптың деректерін жалпыға қолжетімді ашық көздерден алмаған жағдайда, Қолданушыға үшінші тараптың   рұхсатынсыз оның жеке деректерін таратуға тыйым салынады.

2.1.2. Сайтқа Қолданушының құрылғысына орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен автоматты түрде берілген деректер, сонымен қатар Қолданушының ІР-адрес, құрылғының жеке желілік нөмірі (МАС-адрес,  ID құрылғы), электронды сериялық нөмір (IMEI,  MEID), cookies-тен алынған деректер, браузер, операциялық жүйе туралы ақпараттар, қолжетімділік уақыты, сұраныстарды іздеу.

 

3. Қолданушы туралы ақпараттарды жинау мен өңдеудің мақсаттары

3.1. Әкімшілік Қолданушылар туралы тек сол ақпараттарды, оның ішінде олардың  Әкімшілік сайтында, сондай-ақ қолданушылық келісімде қарастырылған міндеттемелерін орындау үшін қажетті жеке деректерін ғана жинау мен өңдеуді жүзеге асырады.

3.2. Мобильді қосымшалар Қолданушының орналасқан жері туралы анонимді деректерді жинай алады. Мобильді қосымшалар Сайтты пайдаланудың анонимді статистикасын жинай алады.

3.3.Осылайша Қолданушы жеке басының ақпаратын осы Құпиялық саясатының 3.2. тармағында қарастырылған мақсаттарда ол туралы Әкімшіліктің әріптестеріне, үшінші адамдарға беруге өзінің келісетінін білдіреді.

3.4. Қажет болған жағдайда Қолданушы туралы жеке ақпаратты осы Саясатта қарастырылмаған мақсаттарда пайдалану үшін Әкімшілік Қолданушыдан осындай іс-әрекетке келісім сұрайды.

 

4.Қолданушылар туралы ақпараттарды өңдеу

4.1. Қолданушылар туралы жеке ақпараттар Қазақстан Республикаксының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақталады.

4.2. Қолданушылар туралы жеке ақпараттар төменде көрсетілгеннен басқа жағдайларда үшінші тараптарға берілмейді:

4.2.1.Қолданушы ондай іс-әрекеттерге келісім білдірді.

4.2.2. Бұл Сайттың және/немесе оның жекелеген функциялық мүмкіндігін  қамтамасыз ету үшін қажет.

4.2.3. Бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған.

4.2.4. Қолданушы пайдаланушы келісімінің шартын бұзған кезде Әкімшіліктің және/немесе үшінші тараптың құқы мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында.

 

5. Қолданушылар туралы ақпараттарды қорғау жөніндегі шаралар

5.1. Әкімшілік Қолданушылар туралы жеке ақпараттарға заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жеке ақпараттарды жою, өзгерту, бұғаттау, тарату, сондай-ақ басқа да іс-әрекеттерден қорғау үшін барлық қажетті де жеткілікті ұйымдастырушылық және техникаклық шараларды қабылдайды.

5.2. Қолданушылардың жеке деректерін өңдеу кезінде Әкімшілік ҚР-ның 2013 жылғы 21 мамырда қабылданған «Жеке деректер мен оларды қорғау туралы» № 94-V Заңын басшылыққа алады.

5.3. Әкімшілік Қолданушы өзінің Есеп жазбасында аталған Келісімді бұзу және Есеп жазбасының іс-әрекетін тоқтату туралы ескертпе берген талап тіркелген сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Қолданушының Есеп жазбасын пайдалануының техникалық мүмкіндігін бұғаттауға, ал ҚР-ның «Информатизациялау туралы» Заңы 36-бабының 5.1-тт бекітілген Қолданушының ақпараттарды сақтау мерзімі аяқталған соң және ҚР-ның «Жеке деректер мен оларды қорғау туралы» Заңының 19-бабы 2-тармағының 1тт көрсетілген өздерінің функцияларын орындау үстіндегі мемлекеттік органдардың  ресми сұранысы немесе өзге тараптың сұранысы болмаған жағдайда оның барлық жеке деректерін жоюға міндеттеме алады.

 

6. Қорытынды ережелер

6.1. Осы Саясат, оны қолданған кезде туындайтын Қолданушы мен Әкімшілік арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ осы Саясатпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

Соңғы жаңалықтар