Өнер • 13 Мамыр, 2024

Мақпал Жүнісова жас кезіндегі бұрын жарияланбаған суреттерін көрсетті

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жас кезіндегі суреттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мақпал Жүнісова жас кезіндегі бұрын жарияланбаған суреттерін көрсетті

Бұл фотолардың құндылығы сол, бұрын жарияланбаған. Өнер иесі жүктеген суреттерінің авторы туралы да ой қозғап, ұсынысын білдірген.

- Бұл суреттер мықты фотограф марқұм Рахымбай ағаның жары Априза апайдан келді, өзім де алғаш көріп отырмын, негізі Рахымбай аға барлық біздің атақты ақын-жазушылар, өнер адамдарын көп түсіргенін көретінмін, өте еңбекқор жан еді, бәрін тегін түсіретін, қарапайым жан еді, Априза апайға телеарналар, журналистер хабарласып, сол архивтерін жарыққа шығарса жақсы болар еді, осындай жас кезімізден қуантқаныңыз үшін үлкен рақмет!" - дейді Мақпал Жүнісова.