# Аймақтар

Аймақтар • Бүгін, 18:00

Жарсуат, Құрылыс ауылдары бөгеттеріне Жайық суы келді

Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке келіп тұр. Әйтсе де, Индер ауданындағы аталған қауіпті аумақтарда ахуал тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Аймақтар • Бүгін, 16:09

Облыс әкімі тасқын қаупі жоғары ауылдардағы жұмыстармен танысты

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданындағы Талдыкөл, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай, Ақжайық ауылдық округтеріндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексеріп, нөпір суды елді мекендерден қауіпсіз өткізу туралы тапсырма берді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • Бүгін, 11:16

Құлсарылық 250 тұрғын мүлік залалын бағалау нәтижелерімен танысты

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үй және мүлікті бағалау нәтижелерімен таныстыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отыр. Мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп отыр. Қала бойынша су басқан тұрғын үй иелерінен түскен 250 өтінім қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі штабына сілтеме жасап.

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды

«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасып жатыр. Бұндай шешім өр суының мол келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елді мекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • Кеше

Су сапасы сарапталады

Батыс Қазақстан облысында тасқын судан зардап шеккен елді мекендердің бірқатарында дезинфекциялау жұмысы аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • Кеше

Жайық: қауіп сейілер емес

Мұнайлы өңірде Жайық өзені әлі жуасымай, сан құбылып тұр. Мәселен, кейінгі күндері су деңгейі Индер ауданында төмендегені байқалып отыр, ал Махамбет ауданы мен Атырау қаласында көтеріліп барады.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2024

Жайық жағасындағы бөгетті бақылау күшейтілді

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Алдымен аймақ басшысы Жайық өзенi бойындағы учаскелерге жауаптылардың жұмыс барысы туралы есебін тыңдады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2024

Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысу үшін Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2024

Жекеге заңсыз берілген «Медеу» табиғи паркінің жері мемлекетке қайтарылды

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жеке меншiкке берілмеу керек. Алайда бұл талап «Медеу» табиғи паркіне қатысты сақталмағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар
Фото