# Пікір

Пікір • Кеше

Қандастарға жасалған қамқорлық

Мәжіліс қабылдап, Сенат мақұлдаған соң, Ақордаға жолданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Бұл жаңалық еліміздің заң шығару ісіндегі үлкен ізденістің, ұзақ жылғы сараптау, зерделеудің жемісі, мемлекеттің сот-құқықтық жүйесінің тағы бір кәсіби қадам басқаны деп бағаланып отыр.

Пікір • Кеше

Бала құқын қорғайтын шешім

Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң – елімізде балалар қауіпсіздігін қорғауға бағытталған өте маңызды әрі дер кезінде қабылданған құжат.

Пікір • Кеше

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереді

Халықтың көші-қоны мен қылмыстық атқару жүйесі салаларындағы өзекті мәселелерді реттеуге арналған жаңа заңның көтерер жүгі ауыр, мақсаты салмақты.

Пікір • 16 Мамыр, 2024

Ақсақал аз, абыз сирек...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Аты­­рауда өткен үшінші оты­ры­сын­­да: «Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйыс­қан ұлт еш­қашан ұтылмайды, ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсі­ресе елге сөзі өтетін аға буын­ның орны бөлек», деді.

Пікір • 16 Мамыр, 2024

Қоғамның басты құндылығы

Қасиетті Атырау топырағында өтіп, халық пен биліктің арасында көпір бола білген Ұлттық құрылтай шынында да елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптейтін, соған қызмет жасайтын шынайы платформаға айналды.

Пікір • 16 Мамыр, 2024

Өзара жанашыр болу – елге жанашыр болу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрыл­­тай отырысында: «Өспей­тін елдің баласы өнбейтін дауды қуады» деп бекер айтпаған. Өткен іс өтті, енді оны ешкім өзгерте алмайды. Уақыт ең әділ төреші екенін ұмытпайық. Бізге бітпейтін дау-дамай емес, мызғымас ынтымақ пен бірлік керек» екенін айтты.

Пікір • 15 Мамыр, 2024

Блинкен сапарының салмағы

Сәуір айының соңында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайға сапармен барды. ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен 3 сағат, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен 35 минут сөйлесті. Мемлекеттік хатшы сауданы бұрмалайтын және АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін Бейжіңнің нарықтық емес экономикалық саясаты мен тәжірибесіне тоқталды.

Пікір • 11 Мамыр, 2024

Кадр қадірі

Ұлыбритания университеттерінің бірінде тағылымдамадан өтіп жүргенімізге жарты жылдан асты. Жақында зерттеу жұмысымызға байланысты өзге қалаға жол түсті. Табан тіреген шаһарда қазақтар, оның ішінде осы елге қоныстанған отбасылар – бір қауым ел. Бірі – дәрігер, бірі – мұғалім, енді бірі – ғалым. Елден жырақ кетуге түрлі себеп түрткі болған. Көбі «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?», дегенге саяды.

Пікір • 10 Мамыр, 2024

Сағынған елін аңсайды

Қазақстан халқының бірлігі күні – елімізде ғана емес, сонымен қатар түрлі мәдениеттер мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен үйлесімді еске салатын күн. Бұл күн бізге алуантүрлілік күштің және шабыт көзі бола алатынын, бөлінудің емес, бірігудің үлгі-өнегесін көрсетеді. Мерекенің маңызы ұлттық шекаралардан асып, дүниежүзіндегі қазақтардың да жүрегіне жететіні сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар
Фото