# Сенат

Сенат • 17 Мамыр, 2024

Қазақстанда ESG күн тәртібін жүйелі қалыптастыру қажет - Мәулен Әшімбаев

Бүгін Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ESG қағидалары теңгерімді орнықты даму идеологиясы саналатынын, соған қарамастан Қазақстанда ESG күн тәртібін үйлестіру әлі күнге дейін орталықтандырылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 17 Мамыр, 2024

Көші-қон саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған - сенатор

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. Осы орайда Сенат депутаты Амангелді Толамисов Facebook әлеуметтік желісінде пікір қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 17 Мамыр, 2024

Елдегі компаниялардың экологиялық жауапкершілігі төмен - Мәулен Әшімбаев

Бүгін Сенатта Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар бизнес-ортада Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ESG қағидалары – экологиялық, әлеуметтік және басқару тәжірибелерін енгізу мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Сенат • 16 Мамыр, 2024

Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған

Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 16 Мамыр, 2024

Сенатор утиль алымын алып тастау мәселесін көтерді

Ел диқандары пайдаланатын ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында депутаттық сауалын жолдаған сенатор Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 16 Мамыр, 2024

Сенатор төтенше жағдайдың залалын өтеудің жаңа тәсілдерін ұсынды

Осы жылғы тасқын судан 13 мыңдай жеке тұрғын үй зардап шекті. Сенатор Бибигүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында төтенше жағдайлар кезіндегі шығындарды өтеудің жаңа жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 16 Мамыр, 2024

Палата отырысында екі заң мақұлданды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 15 Мамыр, 2024

Сенат Төрағасының орынбасары Азия әйелдері форумына қатысты

Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина «Әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріндегі өңірлік тәсіл» атты Азия форумына қатысты. Іс-шараға қатысушылар Бейжің іс-қимыл тұғырнамасын іске асыру, сондай-ақ әйелдердің қазіргі жаһандық экономика жағдайындағы экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасының орынбасары форумда сөйлеген сөзінде еліміздің Президенті жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі – гендерлік теңдік, әйелдердің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірге қатысу деңгейін арттыру екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 09 Мамыр, 2024

Сенат Төрағасы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жеңіс күніне орай қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Іс-шараға еңбек және күштік құрылымдардың ардагерлері, әскери қызметшілер мен Сенат депутаттары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар
Фото