# Технология

Технология • Кеше

Цифрландыру жүк тасымалын жеделдете түседі

Бақыт Ержанов Қазақстандағы теміржол жүк тасымалының 95 пайызға цифрландырған «Networks Energy» стартапын құрған. Осы шешімнің арқасында компаниялар «А» нүктесінен «Б» нүктесіне тауар тасу үшін бума-бума құжат жинап жүрмейді. Қағазбастылық машақатынан арылған. Деректерді стартап жүйесіне енгізсе, ол қажетті жол-тауар құжаттарын дайындап, тасымал құнын есептеп береді.

Технология • 16 Мамыр, 2024

«Ертемірлер» төрге озған жиын

Әлемнің бір шетіндегі көбелектің қанат қағысы, екінші шетте дауыл тұрғызады. Құйрықты жұлдыздай ағып түскен талантты оқушы Әлихан Мақсұттың роботтехникадағы талпынысы қазір самсаған қазақ балаларының осы саладағы жетістігіне сеп болып отыр. Оған естігеннің жарғағында, көргеннің жанарында, жаттағаннның зердесінде кететін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен технократ оқушылардың фестивалінде көз жеткіздік.

Технология • 11 Мамыр, 2024

Авторлық құқық кімге тиесілі?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан жасанды интеллект және инновацияны дамыту комитеті құрылды. Бұл мекеме жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеуге жауап береді.

Технология • 11 Мамыр, 2024

Жасанды интеллект: тәжірибе талқысында

Жасанды интеллектінің өмірімізге енгенін, елімізде тәй-тәй басып дамып жатқанын қал-қадерімізше жазып жүрміз. Осыны ойлағанда, нақты қай салада, қандай нәтиже көрсетіп жатырмыз деген сұрақ туады. Осы бағытты бетке ұстап, біраз зерттеп көрген едік.

Технология • 03 Мамыр, 2024

Елімізде жылжымайтын мүліктің 67%-ы онлайн тіркеледі

Қазақстан азаматтары көп жағдайда жылжымайтын мүлігін онлайн тіркейді. Өткен жылмен салыстырғанда «Blockchain» технологиясы арқылы жасалатын мәмілелер саны 2,5 есеге артты. 2024 жылдың бірінші тоқсанында осы бағытта шамамен 25 мың операция орындалды, деп жазады Egemen.kz.

Технология • 03 Мамыр, 2024

Кеңжолақты интернет игілігі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бар­лық өңірді сапалы интернетпен қамтуға баса мән беріп отыр. «Цифрлық теңсіздікті» жою – маңызды. Сол себепті де халық аз қоныстанған аймақтарға кең жолақты интернет қолжетімділігін ұсыну жөніндегі жобалар көптеп іске асырылып жатыр. Экономикалық әлеуетті арттыру мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Қазақстанның әрбір тұрғынын 100 Мбит/с-дан интернетпен қамтамасыз ету мақсаты тұр.

Технология • 02 Мамыр, 2024

Сейсмикалық сақтандыру құрылғысы

Алматыдағы сейсмикалық жағдайды ескере отырып, оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары мен студенттері мобильді жер сілкінісі симуляторын құрастырды.

Технология • 02 Мамыр, 2024

Керек дерек

Енді «Яндекс» қосымшасында қазақ тілінде дауыстап сұрақ қоюға болады. Смартфонда ­дауыстап сұрақ қою мәтін теруден гөрі ыңғайлы.

Технология • 02 Мамыр, 2024

«Тарифтері арзан». Елімізде жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар
Фото