Аймақтар • 06 Мамыр, 2024

Жайықтың су деңгейі Тайпақ ауылы тұсында қауіпті межеден асты

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 929 (қауіпті шегі – 850 см) сантиметрге жетті. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының бүгінгі сағат 08.00-дегі мәліметінше аталған гидробекетте су деңгейі бір тәулікте 30 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайықтың су деңгейі Тайпақ ауылы тұсында қауіпті межеден асты

Фото: Kazinform

Kazinform хабарлағандай, Жайық суы Ақжайық ауданы арқылы Атырауға қарай өтіп жатыр.

Есесіне Жайық өзенінің басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп келеді. Бәйтерек ауданы Январцев ауылында қазіргі уақытта 796 (-4, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 786 (-6, 850 см), Көшімде 809 (-4, 850 см) сантиметрді көрсетті. 

Сондай-ақ Көшім каналында 4 сантиметрге (753 см, қауіпті шегі – 800 см) төмендеген.