Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1717 материал табылды

Ұлттық спорт • Бүгін, 14:06

Ұлы дала жорығы: Үшінші маусым басталды

Павлодарда әйгілі геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы»  республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы басталды. Ашылу салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • Бүгін, 11:16

Құлсарылық 250 тұрғын мүлік залалын бағалау нәтижелерімен танысты

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үй және мүлікті бағалау нәтижелерімен таныстыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отыр. Мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп отыр. Қала бойынша су басқан тұрғын үй иелерінен түскен 250 өтінім қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі штабына сілтеме жасап.

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды

«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасып жатыр. Бұндай шешім өр суының мол келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елді мекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 17 Мамыр, 2024

Қазақстан садақшылары Оңтүстік Кореяға аттанады

Садақ атудан Қазақстан командасы олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Артем Кичкин жаттықтыратын команда 18 мамырға дейін дайындықтарын жалғастырып, содан кейін әлем кубогіне қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 17 Мамыр, 2024

Қазақстанда ESG күн тәртібін жүйелі қалыптастыру қажет - Мәулен Әшімбаев

Бүгін Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ESG қағидалары теңгерімді орнықты даму идеологиясы саналатынын, соған қарамастан Қазақстанда ESG күн тәртібін үйлестіру әлі күнге дейін орталықтандырылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 17 Мамыр, 2024

Көші-қон саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған - сенатор

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. Осы орайда Сенат депутаты Амангелді Толамисов Facebook әлеуметтік желісінде пікір қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 17 Мамыр, 2024

Нұрбек Оралбай қарсыласқа өте ыңғайсыз боксшы - Мырзағали Айтжанов

Төрт жылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына санаулы айлар қалды. Ұлттық құрама спортшылары лицензиялық турнирлер мен рейтингтік додаларға қатысып, қоржынды мейлінше көп жолдамамен толықтыруға бар күш-жігерін салып жатыр. Ал лицензия алып қойған отандастарымыз жеке бағдарлама бойынша шеберліктерін шыңдап, маңызды жарысқа тыңғылықты дайындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  

Елорда • 17 Мамыр, 2024

Ерекше балаларға арналған «Қауіпсіздік әліппесі» фестивалі өтті

10-14 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №3 арнайы мектепте «Қауіпсіздік әліппесі» қалалық фестиваль-байқауы өтті. Аталған конкурс Астанада үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль – білім алушылардың бойында қауіпсіз мінез-құлық пен тіршілік әрекетінің дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ ерекше балалардың шығармашылық қабілетіне қоғамның назарын аудару мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорт • 17 Мамыр, 2024

Тарихи медаль: Милад Карими Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз  көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2024

Жайықтың су деңгейі сәл төмендеді

Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейінің 17 мамыр күнгі сағат 08:00 бойынша өзгеріcі туралы жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.