Пікірлер .
Маркстің «Адамды адам еткен – еңбек» тұжырымдамасына күліп қарайтын жаңа буын пайда болғалы телегей табысқа жетудің бір кепілі: «Мұратқа тек білім мен технология арқылы қол жеткізе алады» қағидасы омыраулап алға озып шықты. Өткен ғасырларда зауыт пен фабриканың өнеркәсіптен мануфактураны ығыстырып шығарғаны сияқты күнделікті жасап жүрген үй тіршілігіндегі қарапайым шаруаны технология жетістігі алмастыра бастағалы екі білекті түріп тастап жасайтын үйдегі қол еңбегі де екінші орынға өз-өзінен сырғып барады.
13 Ақпан, 2024
Қазақ тілі бір есікті ашса, ағылшын тілі мың есікті ашады. Әлем дамуының кілтіне айналған әмбебап тілге ағып тұрған адамдардың қатары артып келе жатқан кезеңде, ағылшын тілін білгеніңмен, тірі жанды таңғалдыра алмайсың. Уақыттың ағынына ілескісі келген адам ағылшын тілін өзі-ақ меңгеріп жатыр.
02 Қаңтар, 2024
Қасым Аманжолов «Көп туса қазақ дәл сіздей қызды...» деп жырға қосқан ана тіліміздің абыз анасы, академик Рәбиға Сыздықовадан сұхбат алу қай тілшіге де жауапкершілік жүктейтін еді. Академикпен сұхбат тыңғылықты әзірлікті қажет ететін. Кітапханаға барып, еңбектерімен танысып, кейіпкер болмысын ашудың бар қырын зерттеп барып, жүрексіне тұрып телефон шалар едік.
08 Қараша, 2023
Басқа жақты білмейміз, Алматыда адам сенбейтін жағдай. Театрға билет табу қиын, спектакльдің бәрі аншлагпен жүреді, зал аузы-мұрнынан шығып отырады. Спектакль болатын күні көрерменнің кассаға келе салып, билетті ала салып, орын тауып отыра салуы арманға айналған. Кейбір спектакльге ай бұрын қамданбасаң, касса біткен жылан жалағандай, билеттер әп-сәтте сатылып кетеді. Бұған ара-тұра шетелден гастрольге келетін әлемдік деңгейдегі театрлардың әйгілі қойылымдарына көрерменнің 50-60 мың теңгеге билет таппай Абай атындағы Опера және балет театрының алдында сеңдей соғылысып жүретінін қосыңыз.
17 Мамыр, 2023
Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі
Біреуге еліктеп, пір тұтпаса жүре алмайтын жасөспірім шақтың әлегінде әйгілі Лев Толстой әлдебір кітапты оқып алып әсерленгені сонша, түріне сән беріп тұрған қияқтай қасын шығармадағы бас кейіпкер секілді шырпы жағып, өртеп жіберіпті.
25 Сәуір, 2023
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қазақстандық балалар тек телевизиялық ән байқауларынан ғана емес, халықаралық өнер жобалары мен шоу концерттерден де бой көрсетіп жүр. Телефонымызға «немерем байқауға қатысып жатыр еді, мына сілтемеге өтіп, дауыс берсеңіз, бағы жанғалы тұр» деген сарындағы смс-өтініш хабарламалар жиі түсіп жатады.
08 Тамыз, 2022
Таланттар Отанын тастап кеткенде...
Талантты адамдарсыз ел келешегін елестету мүмкін емес. Ақыл-ой игілігін бөтен елдің өркендеуі жолында жұмсағысы келетін дарынды ғалымдардың грант иеленіп, білім іздеп, жақсы өмір аңсайтын жастардың шетелге аттанып жатқанын қоғам жиі сынға алады. Ширек ғасырдан бері қиырға шеру жасайтындардың арасында шығармашылық өкілдерінің көп екенін білсек те, қалыпты заңдылыққа балап, үнсіздік танытып бейқам отырмыз.
25 Қаңтар, 2022
Кейінгі уақытта киноөндірісінде классикалық туынды деп мойындалған бүкілхалықтық құрметке ие белгілі «бренд» фильмдерді заманға лайықтап қайта экрандау үрдісі күрт қанат жая бастады. Бұл үрдіс қауіпті ме, әлде бір қарауға қызық па, танымал фильмді қайта түсірудің көрерменге пайдасы бар ма, әлде зиянды ма, бұл тарапта ешкім нақты байлам жасай алмайды. Алайда Голливуд бастап, Ресей қоштаған кино әлеміндегі жаңашыл үрдістен Қазақстан режиссерлері де тысқары қала алмайтынын танытып үлгерген-ді.
23 Қыркүйек, 2021
Ауылдан анасы дайындап жіберетін құрт-майды табыс көзіне айналдырып, аз нәпақамен екі үйлі жанды бағып жүрген отыздың ішіндегі келіншек тіршілік тауқыметі жасытқан даусымен өткен өмірі мен болашақта болуы ықтимал қорқынышы туралы айтып отыр.
23 Шілде, 2021
TikTok мәдениетті қалай матады?
Байқасақ, мәдениетке енетін жаңалықтар жымын білдірмей мысықтабандап келіп, мықтап тұрып орнығып алғаннан кейін нәтижесін бір-ақ көрсетеді екен.
19 Шілде, 2021
Алматыдан автобустар түнде аттанады...
Әлдеқандай шаруамен Алматыдан Шымкентке жол жүретін болдық. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің күндіз де ағылып жататыны белгілі, алайда, «атар таңға жүрсең де, батар күнге жүрме» дейтін кешегі қисын бүгінге жүрмейді, автобустар Алматыдан түнде аттанады.
01 Сәуір, 2021
Тәжтажалдың басты соққысы сәлемдесуге келіп тигенін қараңызшы. Қол беріп амандасу қорқынышқа айналып, кісімен кезіксе, үркіп қашатын әдет келгелі адамдар да амандық-саулық сұрасудың жаңа түрлеріне бейімделіп, кейбірі күлкі шақырса да, микробтан қорғанудың ең дұрыс шешімі ретінде түрлі баламаларды ойлап тауып, қабылдауға мәжбүр болып отыр.
22 Сәуір, 2020
Елді танытатын – ерек таланттар
Мысалы, Тимур Бекмәмбетовті, Тоқтар Әубәкіровті, Талғат Мұсабаевты, Ерік Құрманғалиевті, Майра Мұхамедқызын, Димаш Құдайбергенді өзара не ортақтастырады деп ойлайсыз? Дұрыс, бұлардың бәрі қазақтар, тарихи Отаны – Қазақстан. Басқа не болуы мүмкін?
30 Қыркүйек, 2019
Шаужайына оралып әке-шешесінен айрылғысы келмей тұрған шолжаң немересін әжесі әуелі алдаусыратып шақырып алар еді. «Әй, мынаны көрдің бе, дейді қалтасында жүрген умаждалған орамал, түйме, жіп, тарақ секілді мидай араласқан бір уыс заттың ішінен қағазы мыж-мыж болып ақжемделіп, суреті әрең көрінетін ескі кәмпиттің шетін жылтыратып шығарып жатып, жүр, сен екеуміз Күріш апаңның үйіне барып кетпенін сұрап әкелейік».
16 Қыркүйек, 2019
Әлеуметтанушылар зерттеуі халықтың басым бөлігінің ерікті-еріксіз түрдегі ермегі музыкамен байланысты екенін анықтапты. Теледидарды қосқаннан тұтқынына алатын концерттер мен әншілердің жүргізетін бағдарламасын айтпағанда, үйдегі студент пен бала біткен арнайылап көретін әртүрлі сападағы 5-6 музыкалық арнаның насихаты толассыз төгіліп тұр.
11 Қыркүйек, 2019
Ешқандай еңбек сіңірмей тегін дүние иелену адам табиғатына әу бастан дендеп кіретін қасиет болса керек. Тегін дүниеге кенелгісі келетіндерді көп ойланбай, табан астында топтап тастасақ, түрлері көп: әртүрлі лауазым иелерінің алатын парасынан бастап, түрлі мекемедегі ақша жинау, қарапайым жандардың қаржысына қақпан құрудан шаршамайтын әртүрлі алаяқ пирамидалар, соларға сеніп соңғы тиынын санап беретіндер, қоғамдық көліктегі «қояндар», тіпті түнеп шыққан қонақүйінің сабыны мен сүйретпесін кетіп бара жатып сөмкесіне сала кететіндердің ісін не туабітті мінезге, не жүре жабысқан дағдыға жатқыза алмайсың.
29 Тамыз, 2019
Кінә көрерменде емес, көзқараста...
Өткенде Алматыда опера мен балеттің дүбірлеген фестивалі болып өтті. «Аққу көліне» билет таппай сеңдей соғылысып жүрген жұртты көріп, көзіміз жасаурады дегеніміз өтірік болар. Бірақ Қазақстанның классикалық өнеріне ренессанс дәуірі келіп орнағандай, риза кейіппен көпшіліктен көзімізді айырмай, сырттай сүйсініп қарап тұрғанымыз есімізде.
24 Маусым, 2019
Мамандық ауыстыру: қорқыныш па, мүмкіндік пе?
Мектеп бітіріп шыққан мыңдаған түлектің алдында сан тарам жол, бір ғана мамандық таңдауы тұр. Кім болады? Жетістіктерге жеткен, ішкі тегершігі мықтылардың өзі айналып өте алмайтын сан қилы рухани дағдарыстар туғанда таңдаған мамандығы тастап кетпей, ақырына дейін азық болуға жарай ма? Ең үлкен сұрақ – осы.
29 Мамыр, 2019
Қарашаңырақ деп отырғанымыз – Қазақстан. Қазақстанның түп иесі – қазақ халқы. Қазақ жерінің қасиетін біліп рахмет айтудан жалықпай келе жатқандарға қазақ та риза. Мекендеген жерінің, ішкен суының қадірін білгеннен олар да жаман болған жоқ.
30 Сәуір, 2019
Álemdik ádebıettegi eń belgili esimderdiń biri, shyǵarmalary oqyǵan bette shyrmap alatyn Gı de Mopassannyń fransýzdar men prýsıalyqtardyń arasyndaǵy soǵys shyndyǵyn sýretteıtin shaǵyn ǵana «Mademýazel Fıfı» atty ǵajap áńgimesi bar. Fransýz qalasyn basyp alǵan Prýsıa áskeri jeńisine masattanyp, toı toılap, ofıserleri ishimdikke mas bolyp, saıran salý úshin saraıǵa jeńil júristi qyzdardy shaqyrady.
18 Сәуір, 2019