Пікірлер .
Біраз уақыт бұрын Дінмұхамед Қонаевтың «Сталиннен Горбачевке дейін» атты кітабын оқып отырып, мына бір қызықты дерекке кезіктім. Тасқын суды тоқтататын «қарабура» әдісі жайында жазыпты. Көп адам біле бермейтін бұл әдіс шын мәнінде назар аударарлық.
11 Сәуір, 2024
Ұсыну – бізден, ойлану – сізден
Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ауыздықтаудың бір тетігі – жазаны барынша қатаңдату екені көп айтылып жүр. Дегенмен, кейбір сарапшылар басқаша пікірде. Олар жазаны күшейту басқа қылмыстарға тоқтам салуға пәрменді амал болса да, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қолдануда тиімсіз екенін айтады.
24 Қаңтар, 2024
Әр қазақтың кішкентайынан бір көрінбейтін бәсекелесі бар. Ол – «жұрттың баласы». Балдырғанның намысын қамшылау үшін сол бақталасының атын айтсаң жеткілікті. Осы бала күнгі әдетпен күнделікті өмірде де өзімізді сынау үшін өзгенің жетістігін мысалға келтіріп жататынымыз рас. Мәселен, тіл мәселесі қозғала қалса, көбіне-көп «жұрттың баласының» рөлін еврейлер сомдайды. Атам заманында өліп қалған тілдерін атом заманында қайтадан тірілтіп алған деп жер-көкке сыйғызбай мақтап жүреміз.
19 Қараша, 2023